18:43, 12 Мамыр 2010 | GMT +5
Сәуір айында ірі және орта кәсiпорындарға 77,3 мың адам қабылданып, 65,7 мың адам жұмыстан кетті
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің жедел деректеріне сәйкес, ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға ағымдағы жылғы сәуірде 77,3 мың адам жұмысқа қабылданды, түрлі себептермен - 65,7 мың адам жұмыстан кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында, өз еркімен жұмыстан босатылғандар 79,1 пайыз, қызметкерлер санының қысқартылуына байланысты - 1,4 пайыз, басқа себептер бойынша - 19,5 пайызды құрап отыр.