Сәуір айында Қытайда BRICS саммиті өтеді

ЖІҢ. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытайдың Санья қаласында (Хайнань аралы) 14 сәуірде BRICS саммиті өтеді,

Сәуір айында Қытайда BRICS  саммиті   өтеді

деп мәлім етті бейсенбі күні Бейжіңде өткен брифингте Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цзян Юй ханым.

Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның шақыруы бойынша саммитке Бразилия Президенті Дилма Роуссефф, РФ Президенті Дмитрий Медведев, Үндістан Премьер-министрі Манмохан Сингх және Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума қатысады.

«Олар халықаралық ахуал бойынша және экономикамен, қаржымен, BRICS елдерінің арасындағы ынтымақтастықпен байланысты мәселелер бойынша пікір алмасады», - деп атап көрсетті Қытай дипломаты өз сөзінде.

Ал 15 сәуірде Саньяда Боаос азиялық форумының жыл сайынғы кеңесінің ашылу рәсімі өтеді.