Сәуір айында Петропавл әуежайы жөндеу жұмыстарына жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәуір айында Петропавл әуежайы жөндеу жұмыстарына жабылады. Осылайша, былтыр басталған шаруалар биыл да жалғасын таппақ, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Мұнда ұшып-қону жолағы мен жолаушылар терминалы қайта қалпына келтіріледі. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 2 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.

Жалпы айта кету керек, аталған нысанда соңғы рет жөндеу жұмыстары 1974 жылы жүргізілген. Енді күзде Петропавл әуежайы халықаралық деңгейдегі әуе кемелерін қабылдайтын болады.

«Ресей, Қытай және Еуропа елдеріне транзиттік рейстер ашуға көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Сондықтан шаруаларды тездетеміз. Жаңа қондырғылар қойылады. Бұйыртса жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз», дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исманов.

Соңғы жаңалықтар