Сәуір айында тұрғын үй нарығында баға төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда тұрғын үй нарығындағы бағалар өзгеріске ұшырады.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауынша, есепті кезеңде абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары 0,4 пайыз, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді және жаңа тұрғын үйлерді сату - 0,1 пайызға төмендеді. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өзгеріссіз қалды.
Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату 2016 жылдың сәуір айында республика бойынша орташа есеппен алғанда шаршы метріне 253 мың 191 теңгені құраған. Абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату шаршы метріне 193 227 теңгені құраса, абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату 115 мың 493 теңге болды. Ал абаттандырылмаған тұрғын үйлерді жалға беру төлемі шаршы метріне 1298 теңгені құрап, өткен аймен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.