Сәуір айында жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрады

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда республика экономикасында 2010 жылғы сәуірде (бағалау бойынша) 8,2 млн. адам жұмыспен қамтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 327,9 мың адамға немесе 4,2 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,4 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 66,5 пайызды) құрады.

Ағымдағы жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 535,3 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,1 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2010 жылғы сәуірдің соңына 87,4 мың адам ресми тіркелген. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 1,0 пайыз құрады.

2010 жылғы сәуірде бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5 пайызына тең болған.

Соңғы жаңалықтар