15:49, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Сәуірде экономиканың жекелеген сегменттерiнде бағалар өзгердi - Статистика
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылғы сәуірде экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2012 жылғы сәуірде инфляция 0,7 пайызды құрады. Өнеркәсіп бағасы бір ай ішінде 3,7 пайызға, көтерме сауда - 1 пайызға, құрылыс - 0,7 пайызға, ауыл шаруашылығы - 0,4 пайызға өсті.
Жүк көлігімен тасымалдау тарифтері 10,5 пайызға жоғарылады, ал заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтер бойынша өзгерістер болған жоқ.