13:02, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Сәуірде ел аумақтарындағы өзендер арнасынан асуы ықтимал
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктердің хабарлауынша, сәуірде тұрақсыз ауар райы сақталады.

«Су тасқыны СҚО, Ақмола облыстарында болуы мүмкін, атап айтқанда, Есіл, Жабай, Қалқұтан өзендері тасуы мүмкін. Тек қар өте көп, су көлемі нормадан 1,5 есе жоғары РФ аумағындағы Орал өзенін қоспағанда, БҚО-да су норма шегінде болмақ», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында.
Оның айтуынша Қарағанды облысында су норма шегінде болмақ.
Қар көп түскен Қазақстанның солтүстік, орталық бөлігінде ағын су тасу қаупі бар.
«Таулы аймақтарда, шығыста, оңтүстік-шығыста, оңтүстікте жауын-шашын аз. Су нормадан 30-60%-ға жоғары. Мамырда, маусымда жауын жауып, сел ағындары жүруі мүмкін», - деп қосты Д. Жәнібекұлы.