Сәуірде елімізде азық-түлік тауарларының бағасы 13,1 пайызға өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы сәуірде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға өсті.
Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
2016 жылғы сәуірде 2015 жылғы сәйкесінше кезеңмен салыстырғанда баға қантқа 45,1, кофе, шай және какаоға - 27,3, май және тоң майға - 26,3, жармаларға - 24,4, нанға - 22,4, балық және теңіз өнімдеріне - 21,2, кондитерлік өнімдерге - 19,5, тоқаш және ұн өнімдеріне - 16,8, макарон өнімдеріне - 14,3, жемістер мен көкөністерге - 12,3, алкогольді ішімдіктерге - 10,9, ұнға - 9,2, сүт өнімдеріне - 7,5 пайызға өсті», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство ақпаратына қарағанда, аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5 пайызды құрады. Шұжық өнімдеріне, құс етіне баға деңгейі 9,5, сиыр етіне - 3,3, шошқа етіне - 1,7, қой етіне - 1,5, жылқы етіне - 0,5 пайызға жоғары болды.