Сәуірде инфляция 0,5 пайызды құрады - Статистика
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы сәуірде инфляция 0,5 пайызды құрады,
деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, бағалар өнеркәсіпте бір ай ішінде 4,8, ауыл шаруашылығында - 1,4, көтерме саудада - 1, құрылыста 0,3 пайызға жоғарылады. Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қазметтеріне 0,9 пайызға төмендеп, ал жүк көлігімен тасымалдау өзгеріссіз қалды.