Сәуірде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 12 мың 891 теңгені құрады

АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ ‑ 2010 жылғы сәуір айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12 мың 891 теңгені құрады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта көрсеткішпен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда - 1,4 пайыз, 2009 жылғы сәуірмен салыстырғанда 4,2 пайызға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20 пайыз, сүт, май, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны сатып алу - 16,7 пайыз, жемістер мен көкөністер - 11,4 пайыз, нан және жарма өнімдері - 9 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді сатып алу 2,9 пайызды құрады», делінген баспасөз айғағында.

Соңғы жаңалықтар