Сәуірде республикада 63 459 жеңіл автомобиль тіркелді - Статистика

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылғы сәуірде республикада 63 459 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Сәуірде республикада 63 459 жеңіл автомобиль тіркелді - Статистика

2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасында 63 459 жеңіл автомобиль тіркелген.

Оның атап өтуінше, 2013 жылғы сәуірде республикада 63 459 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,1 пайызға жоғары.

2013 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 3 671,7 мың бірлікті құрады.