Сәуірде тұрғын үй нарығында баға өсті - Статистика

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату бағасы 1,5 пайызға, оны жалға беру - 1 пайызға өсті. Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Агенттік мәліметтеріне қарағанда, жаңа тұрғын үйлерді сату және көркейтілмеген тұрғын үйлерді алып сату бағалары 1,4 пайызға жоғарылады. Атап айтқанда, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 2013 жылдың сәуірінде 1 шаршы метріне 177 543 теңгені құрады. Ал көркейтілген тұрғын үйлерді сату шаршы метріне 136 886 теңгені құраса, одан төменгі санаттағы тұрғын үйлердің орташа бағасы шаршы метріне 80 390 теңгеге жеткен. Көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағасы шаршы метріне 1 017 теңгені құраған.

Соңғы жаңалықтар