Сәуірде жұмыссыздар саны 473 мың адамды құрады

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы сәуірдегі жұмыссыздар саны бағалау бойынша 473 мың адамды құрады.

Сәуірде жұмыссыздар саны 473 мың адамды құрады

Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

Ведомствоның атап өтуінше, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5,5 пайызын құрайды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы сәуірдің соңына 62,4 мың адамға жетіп, экономикалық белсенді халық санының 0,7 пайызына теңесті. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,5 пайызын құрап отыр.