Сәуірден бастап Қазақстанның барлық сот үдерістері аудио-бейне жазбалармен қамтылады

«Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күні барлық соттарда аудио-бейне жазбалар белсенді түрде енгізіліп жатыр. «100 қадам» Ұлт жоспарының 20-қадамында елімізде жүргізілетін соттардың 100 пайыз қамту қарастырылған. Бізде 1 407 сот залдары бар, олардың 937-сі немесе 73,6 пайызы аудио-бейне жазбалармен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне қарай біз бұл қамтуды 100 пайызға жеткіземіз», - деді І.Испанов.
Оның айтуныша, сот залының жазбалары арнайы серверлерде сақталады, бұл мүдделі тұлғалардың жазбаларды қасақана түзетуіне жол бермей, жазбалардың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, техникалық проблемалар туындаса, онда сот отырысы да тоқтатылады. Сонымен қатар, бейнежазбалар сол іс бойынша Жоғарғы соттың шешімі күшіне енгенге дейін сақталады.
«2016 жылы аудио-бейне жазбалармен қамтамасыз ету үшін соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету бюджетінен 380 млн. теңге бөлінетін болады», - деді департамент жетекшісі.