Сәуірдің 15-іне дейін банктер мен құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерін қаржыландыру тетіктерін анықтайтын болады

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 15-іне дейін екінші деңгейлі банктер мен құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерін қаржыландырудың тетіктерін анықтайтын болады.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Отырыста «Самұрық Қазына» қоры өткен аптада екінші деңгейлі 10 банкпен және қаржы ұйымдарымен жылжымайтын мүлік нарығын қолдау шаралары туралы келісімге қол қойғандығын айтқан Қ. Келімбетов, «қазіргі таңда келісімде анықталған тетіктерге сәйкес, «Самұрық Қазына» қоры өтінімдер жасау үшін банктерге сұрау жіберді. Өтінімдердің формасында қаржының көлемі, нысандардың атауы және олардың параметрлері қамтылған. Біз сәуірдің 15-іне дейін банктер, құрылыс компаниялары әрбір нақты тұрғын үй кешені бойынша өздерінің жұмыс көлемін, қаржыландыру тетіктерін анықтайды деп жоспарлап отырмыз», - деді. Оның айтуынша, содан кейін ғана бұл бағыт аясында істі қалай дөңгелету қажеттігі анықталатын болады.
Соңғы жаңалықтар