Сәуірдің соңына қарай кадрларды қайта даярлау және отандық өндірістерді дамыту бойынша жоспарлар әзірленеді - Е. Орынбаев

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Сәуірдің 30-ына қарай кадрларды қайта даярлау және отандық өндірістерді дамыту бойынша жоспарлар әзірленеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстарын оңтайландыру бойынша жұмыстар наурыздың 20-ы кезінде аяқталады. Содан кейін аймақтық еңбекпен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясының жалпы бюджеті анықталады. Сондай-ақ наурыздың 20-ына қарай еңбекпен қамту шарасының картасы әзірленбек. Е. Орынбаевтың сөзіне қарағанда, наурыздың 30-ы кезінде әр аймақты қаржыландырудың жалпы лимиті анықталады. Ал сәуірдің 15-іне қарай әр аймақ үшін стратегияны қаржыландырудың бағыттары белгіленбек.
Соңғы жаңалықтар