Сауль Альварес Головкинді нокаутқа жіберуге уәде етті
«GGG-мен тарихи реваншта кездесу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет оралуға қуаныштымын. Бокс әлеміне есігін айқара аша отырып, бұл менің сүйікті аренама айналды. Айқас осы жерден басталды және осы жерде мен оны аяқтаймын: менен жанкүйерлерім күткенді істеймін - оны нокаутқа жіберемін!», - деп келтіреді «Канелоның» сөздерін BoxingInsider.com.
Еске салайық, WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес қарымта жекпе-жектерін биыл 5 мамырда өткізеді.
2017 жылдың 16 қыркүйегі күні өткен қос боксшының алғашқы кездесуі төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Сол уақыттан бастап GGG мен «Канелоның» командалары реванш туралы келіссөздерге кірісті.
Күтіліп отырғандай, екінші айқастың жеңімпазы WBO нұсқасы бойынша Билли Джо Сондерспен кездесіп, орта салмақтағы абсолютті чемпион атағын иелену мүмкіндігін алады.