Сауль Альварес: «Қазіргі кезде Головкинге қатысты еш алаңдамаймын»
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBC-тың орта салмақтағы әлем чемпионы титулының иегері Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу идеясынан бас тартпайды, алайда бұл туралы қазір ойлауға дайын емес, деп хабарлайды Sports.kz.
«Қазіргі кезде мен Головкинге қатысты еш алаңдамаймын. Менің назарым Әмір Ханға тігіліп отыр. Головкинмен «Даллас Ковбойз» стадионында жұдырықтасу ма? Мүмкін. Әрине, бұл жекпе-жекті қалаймын. Бұл шынымен өткізгім келетін айқастардың бірі, бірақ қазіргі кезде менің мақсатым - Хан», - деген мексикалық спортшының сөздерін келтіреді LA Times.