Сауль «Канело» Альварес: Геннадий Головкин - өте мықты боксшы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес GGG ВКонтакте парақшасында өзінің Геннадий Головкинмен өткізген спаррингі жайлы мәлім етті.

Сауль «Канело» Альварес: Геннадий Головкин - өте мықты боксшы

«Геннадий Головкин аса мықты боксшы. Ол кезде 20 жаста болатынмын, Big Bear-де екі рет болдым, екі рет онымен спаррингке шықтым. Оның салмағы ауырлау болды, сондықтан да оған мықты соққылар бере алдым. Ол да қарсы панчпен мені тойтарып тастады. Екеуміз ерекше спарринг жасадық. Ол өте мықты боксшы», дейді мексикалық.