Сауль «Канело» Альварес промоутерінің басына қара бұлт үйірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя түрмеге түсуі мүмкін. 
None
None

TMZ Sports хабарлауынша, бұрынғы кәсіби боксшыға мас күйінде көлік құралын басқарғаны туралы ресми айыптаулар тағылған.

25 қаңтарға қараған түні полицейлер жоғары жылдамдықпен келе жатқан Land Rover автокөлігін тоқтатып, рульде болған Оскарды ұстаған. Оны көлікті басқару кезінде мас болды деп айыптауда. Енді ол алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Де ла Хойя өз айыбын мойындап, айыппұл төлеуге келісім беруі де мүмкін. Сондай-ақ, алкогольдің зияны туралы арнайы курстарға, маскүнемдердің анонимді кездесуіне баруы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар