Сәуле Досжан: Батыс елдерінде референдум жылына оншақты рет өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы № 112 референдум учаскесінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы Сәуле Досжан дауыс берді.

жазушы
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

— Өзімнің азаматтық парызымды орындап, дауыс бердім. Шынында бүгінгі референдум елімізде ең көп талқыланған мәселе екен — 400 күн бойы сөз болған. 1,5 жыл ойланып, оны халықтың талқысына салып жатыр. Батыс елдерінде жылына 14-16 референдум өтеді екен. Себебі олар әрбір заңды халықпен бірге талқылайды. Ал халық «мен өз құқығымды пайдалануым керек» деп ерінбей барады екен. Бұл да сондай. Келіп, дауыс беру арқылы өз пікірімізді білдіреміз, — деді Сәуле Досжан.

а
Фото: Досбол Атажан/Kazinform

Айта кеткен жөн, Сәуле Досжан 1977 жылдан бері БАҚ саласында қызмет істеді.

2015 жылы ҚР Президенті Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

2020 жылы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды. 

Биыл жазушының жеті жыл жазған романы Mecenat.kz байқауында үздік деп танылған еді.  

Еске салайық, бұған дейін ҚР Халық артисі, Алматының құрметті азаматы Бибігүл Төлегенованың референдумда үйден дауыс бергенін жазғанбыз.