Сәулет-құрылыс саласындағы бақылау мен қадағалау күшейтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құрылыстағы баға белгілеу, сәулет-құрылыс бақылауын, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдауды жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжатқа Мәжілістің бірқатар депутаттары бастамашылық жасаған болатын.
None
None

Тұтастай алғанда, заң жобасының негізгі мақсаты сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау мен қадағалаудың қолданыстағы жүйесін, құрылыстағы баға белгілеуді, мемлекеттік нормативтер мен рұқсат беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Бұл ретте ұсынылған нормалар құрылыс және жобалау сапасын жақсартуға, құрылыс саласындағы менеджмент деңгейін арттыруға, жаңа технологиялар мен тиісті сметалық нормаларды енгізуді жылдамдатуға бағытталады. Қала құрылысы мен сәулет және құрылыс қызметі саласындағы заң талаптары қатая түседі.

Бұдан бөлек, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында заң жобасы бірқатар өзгерістерді қамтып отыр. Атап айтқанда, құрылыс барысында рұқсат беру үдерісін оңайлату, құрылыс құнының сметасын айқындаудың ресурстық әдісін енгізу, ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына жаңа еурокодтар енгізу қарастырылады.

«Заң жобасы аясында құрылыс саласындағы әкімшілік жауапкершілікті кеңейту мәселелері де қамтылды. Мәселен, ғимараттарды заңсыз қайта салғандар, ғимараттар мен құрылыстардың беріктігін зерттеуді жүзеге асыратын тұлғалардың заң талаптарын бұзуына қатысты жауапкершілігі қатаяды. Ал астананың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастыру мақсатында сапасы төмен фасадтарды жергілікті бюджет есебінен ауыстыру да көзделеді», - дейді заң жобасы бойынша баяндаған Мәжіліс депутаты Николай Логутов.

Оның айтуына қарағанда, құжат бойынша инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау институтын енгізу, құрылыс жобалауды басқару жөніндегі компанияларды, сондай ақ ғимараттар мен құрылыстардың беріктігіне және орнықтылығын қадағалау мен техникалық зерттеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредитациялау қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар