Сәулет және құрылыс салалары қызметіндегі сарапшыларды аттестациядан өткізу Ережелері бекітілді

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің Қаулысымен сәулет, қала құрылысы және құрылыс салалары қызметіндегі сарапшылық жұмыстарды және инжинирингілік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестациядан өткізу Ережелері бекітілді.

Сәулет және құрылыс салалары қызметіндегі сарапшыларды аттестациядан өткізу Ережелері бекітілді

 ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы

Астана, Үкімет Үйі

2012 жылдың 25 қаңтарынан

№165

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салалары қызметіндегі сарапшылық жұмыстарды және инжинирингілік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестациядан өткізу Ережелерін бекіту туралы

2011 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1. Ұсынылған сәулет, қала құрылысы және құрылыс салалары қызметіндегі сарапшылық жұмыстарды және инжинирингілік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестациядан өткізу Ережелері бекітілсін.

2. Қаулы ресми жариялануға жатады және 2012 жылдың 30 қаңтарынан күшіне енеді.

                                                                          Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов