Сәулетші Ә.Тәтіғұловтың «Парасат» және «Ізгілер ізі» атты екі томдық кітабы жарық көрді

АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Бүгін Алматыда Әбдісағит Тәтіғұловтың 70 жасқа толу мерейтойы аясында оның «Парасат» және «Ізгілер ізі» атты екі томдық кітабының тұсауы кесілді,

Сәулетші Ә.Тәтіғұловтың «Парасат» және «Ізгілер ізі» атты екі томдық кітабы жарық көрді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шота Уәлихановтың айтуынша, бұл ойлы әрі сырлы кітап. «Әбекең АҚШ, Түркия, Италия сияқты көптеген шетелде болып, олардың сәулет өнеріне назар аударып, алдына мақсат қоя білген. Шынайы өнерді жан жүрегімен сезіну, адамгершілік қасиеттің алғы шарты деп атап өткен», дейді сәулетші.

Сонымен қатар ол ұлылар қатарына жету үшін басты мақсат болу керек деп түйгендігін жеткізді.

«Ізгілер ізі» атты кітапта мемлекет қайраткерлері, сәулетшілер, құрылысшылар туралы жазғандары тек тарихи деректер демес едім. Бұл мақалаларада олардың кескін-келбеттері нақты берілген. Тұңғыш қазақ сәулетшілердің бірі Төлен Бәсенов туралы жазғандары да нақты әрі тұжырымды», дейді Ш.Уәлиханов.