Сәулетші Норман Фостер дағдарысқа байланысты өз бюросын жабуға мәжбүр болды

ЛОНДОН. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Британдық атақты сәулетші лорд Норман Фостер дағдарысқа байланысты өз «ісін» жабуға мәжбүр.
None
None
Фостердің бюросының бүкіл әлемдегі 350-ден астам қызметкері жұмыстарынан босатылады. Лондондағы «қияр пішіндес» ғимараттың, әлемдегі ең үлкен саналатын Бейжің әуежайының авторы ешқандай қиындыққа қарамастан, өз компаниясының қызметкерлерін қысқартпау туралы берген уәдесін бұзуға мәжбүр болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат MIGnews.com сайтына сілтеме жасап. Фостердің Ирландияның Дублин қаласындағы 162 метрлік U2 ғимаратының және Вьетнамның Хошимин қаласындағы River Tower мұнаралары сияқты жобалары да тоқтатылды. Астанадағы Пирамида түрінде салынған Бейбітшілік пен келісім сарайының да авторы - Норман Фостер.
Соңғы жаңалықтар