Сауран ауданында халыққа құқықтық кеңес беру ісі жақсы жолға қойылған

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - Бүгінде құқық бұзушылық профилактикасы қай өңірдің болмасын күн тәртібінде тұр. Аталған бағытта Сауран ауданында бірқатар жүйелі жұмыс жүзеге асып келеді. 

Сауран ауданында халыққа құқықтық кеңес беру ісі жақсы жолға қойылған
Фото: otyrar.kz

Жалпы Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомоствоаралық топтың мүшелері жергілікті тұрғындарымен кездесулер өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіліп келеді. Іс-шараларды атқару барысында САРА моделінің сканерлеу кезеңін жүзеге асырады. Мұнда ең алдымен жан-жақтама ақпараттар жиналады. Жинақталған мәліметтермен Шорнақ елді мекені туралы соңғы статистикалық мәліметтер, елді мекеннің картасын шығару және ондағы қызыл аймақтарды белгілеу жұмыстары жүргізіледі.

Бүгінде ауданда халықтың құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында көптеген жұмыстары атқарылуда. Атап айтар болсақ, ауданның полиция қызметкерлері тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың, алаяқтық қылмыстардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, аудандық білім беру мекемелерінде «Жолда жүру ережелері», «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық», «Спортқа баулу» тақырыбында кездесулер жиі ұйымдастырылып отыр.  

Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырыстарында құрылыс, жер қатынастары салаларындағы сыбайлас жемқорлықтың жай – күйі, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстар секілді өзекті мәселелер талқыланды. 

Ал, құқық бұзушылық профилактикасы комиссия отырыстарында да өзекті мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Мәселен, ұлтаралық қақтығыстарға жол бермеу, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар, жол көлік оқиғаларының профилактикасы сынды мәселелер қаралуда. Одан бөлек, Сауран ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөнінде біршама жұмыстар жүзеге асып жатыр. Бұл бағытта аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, түрлі сауалнамалар жүргізілген. 

Сонымен қатар биылғы жылы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен аудан аумағында «Халық заңгері» науқаны өткізілді. 

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. «Халық заңгері» – Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде өткізілетін республикалық акция. Бұл бағдарлама аясында әрбір тұрғын шешімін таппай жүрген даулы мәселелері бойынша нақты құқықтық кеңестерін ала алады. Ал кейбір мәселелерде медиация тәсілдері жүзеге асады.

Сауран ауданында өткен шара барысында ҚР мемлекеттік органдарының өкілдері, заңгерлері мен қорғаушылары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетті. Аталған акцияға аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Б.Полатов пен қатар өзге де мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Мерей Маратұлы, мемлекеттік сот орындаушы Алмас Сеитов, сот орындаушы Нұржан Тілеубергенұлы қатысып, аудан тұрғындарына көтерген мәселелері бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.

Жалпы халыққа құқықтық көмек беру мақсатында аудан көлемінде түрлі шаралар өтіп келеді. Оған дәлел, Заң бөлімінің ұйымдастыруымен аудан әкімінің аппарат басшысы төрағалығымен мемлекеттік қызметшілерге, аудан тұрғындарына, кәсіпкерлерге, квазимемлекеттік сектор басшыларына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы тиісті түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, бұл іске өзге де мемлекеттік мекемелер атсалысуда. Мәселен, Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз!» атты 4 дөңгелек үстел, жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 6 кездесу өткізіліп, профиклактикалық жұмыстар жүргізілді. 

Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіз болуы мемлекеттің назарында. Ел көлемінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жұмыстары күн тәртібінде тұр. Бұл бағытта Сауран ауданы аппаратының Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі» комиссияның отырысы жоспарға сай өтіп келеді. Жиында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралуда. 

Жалпы өңірде кәмелет жасына толмаған балалардың арасындағы құқықбұзушылық деректері төмендеген. Негізінен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және жауапкершілік» атты жедел профилактикалық іс-шаралары өткізіліп келеді. 

Сонымен бірге нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысыда тұрақты ұйымдастырылуда. Сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың, ерте жүктіліктің және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу жұмыстарын күшейту мәселелері кеңінен талқыланып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар