Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды

АСТАНА. KAZINFORM — Түркістан облысының Сауран ауданындағы Сауран қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар басталды. 

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

«Қазқайтажаңарту» РМК мамандары ханака мен медресені қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Жұмыс барысында ғимарат қабырғасының беткі қабатындағы зақымданған кірпіштерді ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ тарихи нысандарды қоршап тұрған тіреу қабырғаларының үгітілген сылақ қабаты қайта сыланады.

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Реставрация кезінде ескерткіштердің тарихи келбеті мен сәулеттік ерекшелігін сақтауға басымдық беріледі. Қолданылатын құрылыс материалдары нысанның өзіндік сипатына сай іріктеліп, жаңартылған бөліктердің ескерткіштің бастапқы сәулеттік келбетімен үйлесімді болуы ескеріледі.

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Атқарылып жатқан жұмыстар ханака мен медресенің одан әрі бүлінуіне жол бермей, олардың беріктігін арттыруға және тарихи келбетін сақтауға бағытталған.

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Сауран қалашығы – Түркістан облысындағы тарихи-мәдени мұраның маңызды нысандарының бірі. Қалашықтағы ескерткіштерді сақтау көне шаһардың тарихын тереңірек зерделеуге және кеңінен танытуға ықпал етеді.

Сауран қалашығында реставрация жұмыстары басталды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетелік Жаркент мешітінде тарихи келбетті сақтай отырып реставрация жүргізіліп жатқаны туралы жазған едік