Сауық кешінде би билеген Финляндия премьер-министрі есірткіге тест тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Финляндия премьер-министрі танымал адамдармен бірге кеште көңіл көтеріп жүрген видеосы желіде тарағаннан кейін бүкіл күдіктен арылу және өсек-аяңды тоқтату үшін есірткіге сынақ тапсыру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Кей саясаткерлер сауық кешінің дүбірлі өтуіне қарағанда, ондағы кейбір қонақтар есiрткi қолдануы мүмкiн деген болжам жасады.

Жұма күні Хельсинкиде өткен баспасөз конференциясында 36 жастағы Санна Марин сынақтан өткенін және қорытындысы келесі аптада шығатынын айтты.

Сонымен бірге ол ешқашан есірткі қолданбағанын тағы да нақтылады.

Марин жиналған журналистерге: «Мен ешқандай заңсыз әрекет жасаған жоқпын. Есірткіні тіпті жас кезімде де қолданып көрген емеспін», - деді.

Сондай-ақ журналистер 2019 жылдың қаңтарынан бері қызмет етіп келе жатқан премьер-министрден «егер әлгі кеште тез әрі жауапты үкімет шешімін қабылдау қажет болса, қабылдай ала ма едіңіз?» деп сұрады.

«Тым болмаса бір рет болсын, түн ортасында Мемлекеттік кеңес сарайына шұғыл баруға мәжбүр болған кезім есімде жоқ. Мен өз жұмысымды тиісінше атқарып келемін, кештерге барған кездерімде ешқандай жиналыс болған емес», - деп жауап берді ол.

Мариннің айтуынша, ол өзін видеоға түсіріп жатқанын көрген, бірақ оның желіде жарияланғанына қапа болған.

«Мені адамдар дұрыс түсінеді деп сенгім келеді, әрқайсымызда жұмыс уақытына да, демалуға да уақыт бар», - деп қосты ол.





Фото: www.bbc.com


Соңғы жаңалықтар
telegram