Сауытбек Абдрахманов Арал ауданының активімен жүздесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Жаңа жылдың алғашқы жұмыс күнінде  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов Арал ауданының активімен кездесті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аудан әкімдігіне сілтеме жасап.

Сауытбек Абдрахманов Арал ауданының активімен жүздесті

Басты мақсат -Елбасы Н.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы Жодауынан туындайтын шараларды халыққа насихаттау, Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарды, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын жобалар төңірегінде елді хабардар ету.

Арнайы басқосу барысында Мәжіліс депутаты аудан жұртшылығына деген ізгі ниетін, ақжарма лебізін білдіріп, өз сөзін Аралдың сонау қиын кезеңдерінен бастады. Содан бергі Тәуелсіздік жылдары тұтас еліміздің, соның ішінде Арал ауданының жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, аталмыш жақсылықтардың басы-қасынан табылып, тікелей қолдау көрсеткен Елбасының еңбегін ерекше бағалады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер айтылып, талқыланды.