Саябақ мамандары ешкінің көмегімен арамшөпті жоюдың тың әдісін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі саябақ мамандары арамшөпті жоюдың арзан әрі экологиялық таза тәсілін тапты. Парк бұл мақсатта ешкілердің көмегін пайдаланатын болды, деп жазады 24.kz.
Қызметкерлердің айтуынша, бөктерге оңай өрмелейтін бұл жануарлар тек арамшөпті таңдап жейді екен. Бұл амал жұмысшыларды жалдаудан гөрі арзанға түседі. Саябақ мамандары ешкілерді екі айға жалға алған. Әзірше текелер қоршалған шағын көгалда жүр. Егер тәжірибе сәтті өтсе, оларды бүкіл парктегі арамшөпты жоюға жібермек. Бұған жергілікті тұрғындар да қуанып жүр.
«Нью-Йоркта онсыз да ауа лас, құрамында қорғасын көп. Сол себептен арамшөпті экологиялық таза әдіспен құрту дұрыс қадам деп санаймын», - дейді Нью-Йорк тұрғыны Джейсон Маллингс.