Саябаққа келген аю бір күнін ағаштың басында өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандар Нью-Джерси штаты Морристаун қоғамдық саябағында Барибар түріне жататын солтүстік америкалық аюды ағаштан сәтті түсіріп алды, деп жазды Daily Record.
None
None

Дүйсенбіде таңертең аю Морристаун Грин саябағына келіп субұрқақ жанында біраз жүрген соң, ағашқа өрмелеп шыққан. Күндіз орманнан келген қонаққа жабайы табиғат департаментінің маманы келді, полиция қоршауға алған саябақтың айналасы смартфондарымен, фотоаппараттармен өзгеше оқиғаны түсіруге ұмтылған жүздеген адамдарға лық толды. Жануар құлап кеткен жағдайда өліп қалмауы үшін ағашты айналдыра тор құрылды.

Аю барибал транквилизатормен бейтараптандырылып, өрт сатысымен жерге түсірілді. Енді жыртқышты штаттың батыс бөлігіндегі орманға жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар