Саян Хамитжанов Туризм және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFRM – Қазақстан Туризм және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына Саян Хамитжанов тағайындалды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Саян Хамитжанов Туризм және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Саян Жақсыгелдіұлы өз қызметі шеңберінде еліміздегі футбол және футбол инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бурабайда өткен IV Құрылтайда Мемлекет басшысы дәл осы бағыттарға ерекше назар аударған еді.

Саян Хамитжанов – футбол саласында тәжірибесі мол маман. Ол Қазақстан футбол федерациясында және «Астана» футбол клубында басшылық қызмет атқарған.

«Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» жаңа директоры тағайындалғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар