Саян-Шушенск стансасы апатында қаза тапқандардың саны 64 адамға жетті
АСТАНА. Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Саян-Шушенск су-электр стансасындағы апат кезінде қаза тапқандардың саны 64 адамға жетті, тағы 11 адам із-түзсіз жоғалғандар санатында. Бұл туралы апаттың салдарын жоюмен айналысушы жедел штабтың өкілі хабарлады.
Оның айтуынша, стансаның машина залындағы суды айдаумен айналысып жатқан апаттық қызметтер 310,55 метр деңгейге жетті, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.
Ресейдің үлкен электр стансасы саналатын Саян-Шушенск ГЭС-індегі апат тамыздың 17-сінде таңертең болған еді. Әзірге анықталмаған себептермен, ГЭС-тің машина залы жартылай қирап қалды.