Саян-Шушенск стансасында қаза болған 17-ші адамның денесі табылды

АСТАНА.  Тамыздың    20-сы.  ҚазАқпарат -   Ресей  Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары  дүйсенбі күні таңертең   Саян-Шушенск   су-электр стансасында болған  апат  кезінде  қаза тапқан 17-ші адамның  денесін тапты.

Саян-Шушенск   стансасында  қаза   болған 17-ші адамның  денесі  табылды


Бұл туралы  журналистерге  бүгін    төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі  жедел штабтың өкілі  хабарлады.

 Оның айтуынша,    қаза тапқан  әйелдің денесі 8-ші энергоблокта  табылған.   Нақтыланған  мәліметтер бойынша,  осыдан бірнеше минут бұрын  осы  блокта   16-шы    адамның  денесі  табылған. Із-түзсіз жоғалғандардың саны қазіргі уақытта нақтылануда. Адамдарды  іздестіру  шаралары  әлі де  жалғасуда.

 Қазір      машина залының   жеті  гидроагрегатына  жиналып қалған  суды  сыртқа айдау   шаралары  жүргізіліп  жатыр.  

 Ресейдің ірі  электр  стансасы  саналатын  Саян-Шушенск  ГЭС-інде апат  тамыздың 17-сінде  таңертең   орын алған болатын.  Әзірге нақтыланбаған  себептер бойынша,    стансаның машина  залы    жартылай  қираған.