Саян-Шушенск су-электр стансысынан өрт шықты

АСТАНА.  Қыркүйектің  9-ы.  ҚазАқпарат -  Бүгін  мәскеу уақыты  бойынша сағат 13:40-та  Саян-Шушенск су-электр стансысы от-жалынға оранды:  сегізінші  және тоғызыншы    гидроагрегаттар  ауданында  машина  залының    320-шы   белгісінің  тұсында  өрт шықты, 
None
None

деп хабарлайды РБК агенттігінен.

«РусГидро»  ААҚ-ның баспасөз қызметінен   хабарлағандай,    оқиға салдарынан     машина  залы  көк  түтінге толған, онда    200-ге жуық  адам болған. Бірнеше минуттың  ішінде адамдар жедел көшіріліп,  оқиға   орнына    жеткен  екі  өрт  сөндіруші жасағы санаулы минутта   жалынды сөндірді.   Құрбан болғандар  мен  зардап шеккендер  жоқ.

Қазіргі уақытта   оқиғаның  барысын   Төтенше жағдайлар  министрлігінің  қызметтері мен өрт сөндірушілер өз бақылауында    ұстап отыр. Өрттің себебі анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар