Саян-Шушенск су-электр стансысында тірі екі адам табылды

АСТАНА.  Тамыздың 19-ы.  ҚазАқпарат -   Саян-Шушенск  су-электр стансысында тірі   екі   адам   табылды.  Сөйтіп,  із-түзсіз кеткендер санатында  болған    адамдардың саны 64-тен 62-ге  азайды. 

Саян-Шушенск  су-электр стансысында тірі   екі   адам   табылды


Стансының   екі  қызметкері     тірі  табылып  отыр. Бұл  туралы    төтенше оқиға орнында   жүрген  Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі Сергей Шойгу    мәлім етті,  деп  хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

Бүгін Ресей Федерациясының  Хакасия  Республикасында  -  Аза  тұту күні.   Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты  бойынша, ГЭС апатының салдарынан  12 адам қаза тапты.

Саян-Шушенск    стансысында іздестіру-құтқару    шаралары    әлі жалғасуда.