Саян-Шушенск су-электр стансысындағы апатта қаза тапқан 74-ші адамның денесі табылды

АСТАНА. Қыркүйектің  9-ы.  ҚазАқпарат  - Құтқарушылар Саян-Шушенск су-электр  стансасындағы   апатта  қаза   тапқан  74-ші адамның  денесін тапты.
None
None

Бұл туралы    РАТА-ТАСС агенттігі  хабарлады.

Стансының қаза  тапқан    қызметкерінің     денесі  Енисейде,  стансыға  жақын маңнан  табылды.  «Оның  кім екендігі  анықталды»,    деп   хабарлады  оқиға орнында жұмыс істеп  жатқан арнайы   комиссияның     өкілі.

Естеріңізге сала  кетейік, Саян-Шушенск   ГЭС-інде апат  тамыздың 17-сінде таңертең  болған еді.   Әзірге анықталмаған  себептер бойынша,     он агрегаттың  үшеуі  істен   шығып, қалғандары   түрлі деңгейде   зақымданған   болады.   Бір  адам     із-түзсіз жоғалып кетті.

Соңғы жаңалықтар