Саясаткерлер мемлекеттік қайраткерге айналуы керек - Руслан Гринберг
Бұл туралы Халықаралық менеджмент академиясының академигі, Ресей Ғылым академиясының Экономика институтының директоры Руслан Гринберг бүгін Алматыда өтіп жатқан 7-ші Тәуекел-менеджменті халықаралық конференциясында айтты.
«Біздің әлем турболентті. Бұрын оған болжам жасау оңай болатын. Егер жыл сайын 5 пайыздық өсім болса, онда одан ары қарай да қандай да бір деңгейде ілгерілеу болады деп жоспарланатын. Қазір оны ешкім білмейді», дейді Руслан Гринберг. Экономика ғылымының докторы Нью-Йорк университетінің профессоры Нуриэль Рубинидің ұлттық деңгейдегі көшбасшы туралы ойларына өзінің толық қосылатынын білдірді. Оның пайымдауынша, саясаткерлер мемлекеттік қайраткерге айналуы керек. Әлемдік саяси, экономикалық және қаржылық тұрақтылықтың сақталуына олар өздерінің де белгілі бір деңгейде жауаптылығын түсінуі қажет. Сондықтан да ол «Үлкен жиырмалыққа» үлкен үміт артып отыр.