Саясаттанушы ауған босқындарын қабылдау жөніндегі фейк жайында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстан Ауғанстан босқындарын қабылдайды делінген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл жайтқа қатысты түсіндірме жасады. Атап айтар болсақ, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Ахуалды жіті бақылап отырғандар қазіргі жағдайда, барлық шекаралық өткелдер жабық тұрған кезде ауған азаматтарының жаппай елден кетуі, тіпті босқындар жайында сөз болуы мүмкін емес екендігін түсінуі қажет. Тіпті кейбір мемлекеттер диплматтарын эвакуациялап үлгермей жатқандығын да көріп отырмыз. Сондықтан бұл мәселе күнтәртібінде бола алмайды», - деді саясаттанушы.


Соңғы жаңалықтар