Саясаттанушы Марат Тәжиннің тағайындалу себептеріне қатысты өз болжамдарын ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саясаттанушы Досым Сәтпаев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында Марат Тәжиннің Президент Әкімшілігіне қайта оралу себептеріне қатысты өз пікірін білдірді.

Саясаттанушы Марат Тәжиннің тағайындалу себептеріне қатысты өз болжамдарын ұсынды

Марат Тәжиннің Президент Әкімшілігіне қайта тағайындалуын, саясаттанушы «біршама қызық тағайындау болды» деп есептейді.

Оның пікірінше, Марат Тәжин Президент Әкімшілігіне саяси құрамның рөлін арттыру мақсатында қайта қызметке алынды, себебі ол қызмет «соңғы кездері қатты әлсіреп қалған болатын». Екінші бағыт, болжамдарға байланысты. «Мемлекеттік органдардың басым бөлігі экономикалық және саяси тұрғыдағы үрдістерді, өз шешімдерінің салдарларын болжауды әлі үйрене қоймағандығын тәжірибе көрсетіп отыр», - деді Досым Сәтпаев.

Сарапшының есептеуінше, ПӘ басшысының жаңа орынбасары мемлекеттің ақпараттық саясатын жаңғырту ісімен айналысатын болады.

«Көп жылдар бойы ол Мемлекет басшысының жанында идеолог ретінде жұмыс істеді және ол мемлекеттің ішкі саясатына қатысты бірқатар бағдарламалардың жасақтаушысы болды. Менің ойымша, олқылықтарды түзеу үшін оның осы тәжірибесі мен қабілеті қазір қажет болған да шығар, - дейді ол. - Оның үстіне билік тармақтарын бөлу бойынша жұмыс тобының құрылған сәтінде келуі тегін емес сияқты. Себебі оның құрамына ПӘ басшысы кіріп отыр». 

Саясаттанушының ойынша, Марат Тәжин де Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары ретінде осы істерге қатысуы әбден мүмкін.