Саяси экономиканы меңгермей жатып, қандай да бір салаға мамандануда жоғары біліктілікке қол жеткізу қиын - Санкт-Петербор университетінің профессоры В. Рязанов

АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Экономикалық теория болашақтың негізін қалайды. Саяси экономиканы меңгермей жатып, қандай да бір салаға мамандануда жоғары біліктілікке қол жеткізу қиын.

Саяси  экономиканы меңгермей жатып, қандай да бір салаға мамандануда жоғары біліктілікке қол жеткізу қиын - Санкт-Петербор университетінің профессоры В. Рязанов

Санкт-Петербор университетінің профессоры, экономика ғылымының докторы Виктор Рязанов бүгін Алматыдағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінің экономист ғалымдары алдында оқыған дәрісінде осылай айтты.

Қазір теориялық мәселемен айналысып жүргендер өте аз. Ғалымның еңбегі бірден нәтиже бермейді. Оның жемісін тек бірнеше жылдан кейін көруге болады. Сондықтан ғалым-оқытушының мәртебесін көтермей ғылымды дамыту қиын", - дейді В.Рязанов. Профессордың айтуынша, өтпелі кезеңде материалдық байлық руханиаттың алдына шығып кетті. Бұл үрдіс ғылымға, экономикаға өз ықпалын тигізді. Қазір экономикалық теорияны оқытуда саяси экономика деген атаудың өзі қызу пікірталасқа түсуде. Бұл жерде маңыздысы нәтиже болып отыр. Жалпы оқу орындарында саяси экономиканы оқытудың қазір 3 жолы бар. Біріншісі, Маркске және оның "Капиталына" қазіргі заман тұрғысынан қайта оралу. Екіншісі, саяси экономиканы синтездеу. Үшіншісі, нақты елдерді зерттеу.