Саяси қуғын көрген жапон азаматының қазақ жеріндегі тағдыры туралы спектакль көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 91-маусымын «Ақтастағы Ахико-сан» драмасымен бастамақ.
None
None

Жаңа қойылым Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қарлагты» зерттеуші, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбековтің идеясы бойынша драматург авторы Мәдина Омарова жазып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Асхат Маемиров сахналаған бұл қойылым, театр ұжымының Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаған үлкен жобасы», делінген хабарламада.

Қазақстанның театр кеңістігінде тұңғыш рет көзі тірі саяси қуғын-сүргін құрбанының тағдыры деректі драмаға арқау болып, сахнадан алғаш рет көрсетіледі. Қойылым премьерасы 22-23 қазанда болады.

Ахико Тецуро бейнесі - барлық қазақстандықтарды елдік пен бірлікке, келісім мен ынтымаққа үндейді.

Басты рөлді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дулыға Ақмолда сомдайды.

Ахико Кеңес үкіметі кезінде жазықсыз сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, 17 жасында Қарлаг түрмесіне түседі. Жастық шағы азапты өмірмен өтеді. Босап шыққаннан кейін Қарағанды маңындағы Ақтас қаласында тұрады. Ахико туған Отанына оралғанымен, Қазақстанға қайтып келуді жөн көрген.

Қазір Ахико ақсақал 85 жаста. Оның 11 немересі, 5 шөбересі бар. 

 
Соңғы жаңалықтар