Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Астанада өтетін іс-шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Астанада бірқатар қоғамдық-саяси шаралар өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

1) 30 мамыр күні сағат 10.00-де «XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық» тақырыбында ғылыми тәжірибелік конференциясы өтеді («Іскер» бизнес орталығының мәжіліс залы).

2) 31 мамыр күні сағат 11.00-де Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешенінде «Еске алу қабырғасына» гүл қою рәсімі және еске алу митингісі өтеді.

3) 31 мамыр күні сағат 15.00-де «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» Монументіне (Абай және Республика даңғылдарының қиылысы) гүл қою рәсімі өтеді.

4) 31 мамыр күні сағат 11.00-де Сәкен Сейфуллин ескерткіші жанында «Өткенге құрмет - мәңгілік міндет» жастар акциясы өтеді.

Шараларға қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, зиялы қауым, жастар мен үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысады.

Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мұражай-мемориалды кешеніне бару үшін Ақмол ауылына дейін автобустар маршруты ұйымдастырылады. Қатысушылар сағат 9.00-де «Жастар» сарайы ғимаратының алдында жиналады.

Сонымен қатар, 30 мамыр күні сағат 11.00-де және 15.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Дарья Виолина мен Сергей Павловскийдің «Дольше жизни», «Мы будем жить» деректі фильмдерінің көрсетілімі өтеді.

Соңғы жаңалықтар