Саяси қуғын-сүргінде жазықсыз жазаланған журналистерді еске алды

АЛМАТЫ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – Бүгін Алматыда «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы мен Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті тарих факультетінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін жылдарында жазықсыз жазаланған журналистерді еске алу кеші өтті,

Саяси қуғын-сүргінде жазықсыз жазаланған журналистерді еске алды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Шараға «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының мүшелері, белгілі ғалымдар, тарихшылар, студенттер, сталиндік зобалаңда атылып кеткен арыстардың ұрпақтары Саят Жансүгіров, Райхан Жұмабаева, Алма Темірбекова, Азалия Ахметова, Сәуле Қожықова, Эмиль Айтхожиндер қатысты.«Әділет» тарихи-ағарту қоғамының президенті, жазушы, тарих ғылымының кандидаты Бейбіт Қойшыбайдың айтуынша, «Әділет» қоғамы репрессия құрбаны болған 125 журналистің есімін анықтаған.«Олардың алдыңғы қатарында ұлт азаттығы үшін ұшқыр қаламымен күрескен Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсын, Сұлтанбек Қожан, Нәзір Төреқұл сынды ондаған тұлғалар бар», дейді Бейбіт Қойшыбай. Шара барысында қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары естеліктер айтты.