Саяси-қуғын сүргіннен зардап шеккен он мыңдаған адам Жамбыл жерінен пана тапты - Көкірекбаев

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Жамбыл облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митинг өтті, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

 Саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендер монументі маңындағы митингке  облыс және қала басшылары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, қала жастары мен қонақтары қатысты. Олар монументке гүл шоқтарын қойып,  тоталитарлық режім құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.

null

Митингті ашқан облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні 20-шы рет өткізіліп отырғанын атап өтті. «ГУЛАГ абақтысында қаза тапқан, басқа көзқараспен жазықсыз сотталғандар, туған жерінен аяусыз қуылғандар - түрлі этникалық және дін тобынан миллиондаған жандарды еске алу - біз үшін, тәуелсіз Қазақстан азаматтары үшін оларға деген мәңгі құрмет деп түсінемін.

Жер аударылған он  мыңдаған ұлт өкілдері - неміс, поляк, корей, Солтүстік Кавказ  және т.б. халықтардың біздің өлке жылнамасында ерекше орны бар.   Барлық қиындыққа қарамастан, жамбылдықтардың қонақжайлылықтарының  арқасында олар жаңа өмір бастады. Саяси қуғын-сүргінде зардап шеккендер мәңгі жадымызда сақталады», - деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.

null

Соңғы жаңалықтар