Саяси лауазымдағылардың орташа жасы 48-ді құрайды - Ә. Бәйменов
АСТАНА. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат - Саяси лауазымдағылардың орташа жасы 48-ді, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 39-ды, ал «А» корпусында - 44 жасты құрайды. Бұл турал бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.
«Бұқараның назарында көбінесе «А» болды. Атап айтқанда бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 98 пайызы «Б» корпусына тиесілі. Сол себепті «Б» корпусына қатысты ауыс-түйістің, яғни басшының соңынан командалық шұбап жүретін үрдіс тоқтатылды. Үш айдың ішінде 50 есе азайды. Бұл теңдесі жоқ көрсеткіш», - деді агенттік басшысы.
«Б» корпусына конкурстарға үміткеркерлердің бір орынға шаққандағы саны 2 есеге жуық жоғарылады. Ауыл әкімшілігіндегі мамандардан бастап, орталық органдарды мамандандыруға дейінгі конкурстық комиссияның отырыстарында сіздер қазір бақылаушы ретінде қатыса аласыздар», - деді Ә. Бәйменов.