Саяси партиялар интернет ресурстарды белсенді пайдаланды - саясаттанушы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси партиялардың барлығы интернет ресурстарды белсенді пайдаланды. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы осылай мәлімдеді.

Саяси партиялар интернет ресурстарды белсенді пайдаланды  - саясаттанушы

«Барлық саяси партиялар сайлаушылармен дәстүрлі кездесулерден бөлек,  халықтың электоралды белсенділігін арттыру мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізді. Олардың ішінде сайлау технологиясы бойынша ең танымал болған суреттер байқауы мен постерлер конкурсын айтуға болады. Сондай-ақ, біздегі саяси партиялардың барлығы интернет ресурстарды белсенді пайдаланды», деді сарапшы.