Саяси партиялар үгіт-насихат жұмыстарында әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланды - сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Саяси партиялар сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарында әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланды. ҚР Парламенті Мәжілісі мен әр түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысты пікір білдірген «Sayasat.org» интернет басылымының шеф-редакторы Бауыржан Төлегенов осылай мәлім етті.
«Саяси партиялардың әрқайсысы өздерінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарында түрлі әдістерді қолданды. Бүгін қорыта айтатын болсақ, ең алдымен әлеуметтік желілер белсенді пайдаланылды. Сондай-ақ, әрбір партия тек қана орталықта ғана емес, аймақтарда да жұмыс істеп, ел азаматтарына өз бағдарламаларын түсіндіруге барынша тырысты», деді Бауыржан Төлегенов.