Саяси партиялардың сайлауалды дебаты 16 наурызда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауы алдында саяси партиялардың пікірсайысы күні белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«ҚР Сайлау туралы заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысатын саяси партиялардың дебатын ұйымдастырады. Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы өз құзыретіне сәйкес пікірсайысты өткізу ережелері мен қағидатын бекітті. Қабылданған шешім бойынша саяси партиялардың пікірсайысын өткізу 2023 жылғы 16 наурызға белгіленді», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

«Теледебат өткізу бойынша қаулы бір ауыздан қабылданды. Осы қаулы Мәжіліс сайлауына қатысатын сайлауалды штабтарының назарына жеткізілсін. Орталық сайлау аппараты «Хабар» агенттігімен сайлауалды пікірсайыс өткізу туралы шарт жасассын», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін Мәжіліс сайлауына 12 млн-нан астам дауыс берушінің тіркелгені туралы хабарлаған едік.

26 ақпандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелген.

Сондай-ақ, ОСК отырысы барысында дауыс беру бюллетенінің көлемі өзгеретін айтылды.


Соңғы жаңалықтар