Саяси реформа мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған -Дүкембаева

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Елімізде қолға алынған конституциялық реформа - Қазақстан қай бағытта дамып келеді деген сұраққа жауап болып табылады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне Ақмола облыстық филармониясы басшысының орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген əртісі Шолпан Дүкембаева айтты.

 Саяси реформа мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған -Дүкембаева

Оның пікірінше, Ұлт Көшбасшысының қазақстандықтарға арнаған Үндеуіндегі үкімет тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу мәселесі бойынша айтылған ұсыныстар өте маңызды.

«Конституциялық реформалардың түпкі мәні билік тармақтары өкілеттіктерін бөлу мен саяси жүйенің демократизациялануында. Бұл өз кезегінде, Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуына себепші болмақ. Ұсынылған реформа заң шығарушы билік тармағының атқарушы билігіне бақылау күшейтілетінін көрсетеді. Реформа мемлекеттік басқару мен саяси жүйенің тиімділігін арттыруға бағытталған. Үкімет пен Парламент рөлдерінің артуы қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге тиімді тойтарыс беру тетігін құрады. Реформа барлық үкімет тармақтарына жұмысты тиімді және жауапты түрде атқаруды қамтамасыз етеді. Ұсынылған реформа Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы, оған қоса бес институционалды реформалары мен 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттер қатарына ену мақсаттарына түбегейлі сәйкес келеді», - деді ҚР Еңбек сіңірген əртісі.